«Жемнің жарық жұлдызы »
атты оқырмандар бенефисі
Көрнекілігі: Сахнаның ортасында Тобық
Жармағамбетовтың портреті ілінеді.
Плакатқа : Туған жер, қойныңда өстім еркелікпен
Плакатқа : Туған жер, қойныңда өстім еркелікпен
Ұстадым қаңбағыңды желмен кеткен.
Кеудемді аңызаққа қарсы қойдым,
Өсіппін
суарылып ыза-кекпен. ...
Жарқамыс деген бір жер бар,
Жанынан
аққан күміс Жем!
Сол жерде мен асыр сап,
Сол Жемнен мен су ішкем... деген өлең
шумақтары ілінеді.
«Есімі елімен
үндескен» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып шолу өткізіледі.
Кітапханашы: - Құрметті
оқушылар, ұстаздар!
Қазіргі таңда өскелең ұрпақты кітап оқуға тарту
мақсатта Республикалық «Бір ел — бір кітап» және «Оқитын өлке» облыстық
акциялары ұйымдастырып жүр. 2011 жылы бастау
алған «Оқитын өлке» акциясына бүгінде
жастар белсенді қатысып жүр. Сол жылы
Ақтөбе жұртшылығы жазушы, аудармашы Ғалым Ахмедовтың «Жем бойында» романын, 2012 жылы туғанына 85 жыл толу
құрметіне орай ақын Мұхтар Құрманалиннің
«Жұлдызды жорық» кітабын, ал былтыр 90 жылдық мерейтойы аталып өткен көрнекті
жазушы Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романын кең көлемде насихаттадық.
Биыл арнайы жасақталған комиссия мүшелірінің пікір-тілектерді саралай келе, «Оқитын өлке»
акциясына жерлес жазушы Тобық
Жармағанбетовтың «Отамалы» шығармаларын оқу туралы шешім қабылданды.Тобық Жармағамбетовтың үлкен бір повеске пара-пар «Отамалы» әңгімесі —
қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған асыл мұра.
Ең алдымен Тобық кім? Тобық туралы арнайы жасалған «Жемнің жарық жұлдызы»
атты слайдқа назар аударайық!
/слайд арқылы өмірбаяны таныстырылады./
Кітапханашы - Тобық
Жармағамбетов 1934 жылы Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Жарқамыс ауылында
дүниеге келген. -/01.10.1973ж Ақтөбе./
1957 жылы С.М.Киров
атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.
Сосын өзінің туған жерінде орта мектепте мұғалім болған. 1959-1971 жж Байғанин
ауд. «Жаңа өмір» газетінің жауапты хатшысы, редактордың орынбасары, кейін
Ақтөбе телевизия студиясының аға редакторы және бас редактор, Ақтөбе облысының «Коммунизм жолы» газеті
редакциясында, 1971-1973 жж облыстық мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамында
қызмет етті.
Т.Жармағамбетов аз
өмірі ішінде повесть, әңгіме жанрында, теледраматургия саласында еңбек
етті. «Отамалы», «Хаттар, хаттар...» әңгімелері кезінде оқырман
қауымнан жоғары баға алды. Қысқа ғұмырында «Нәзік бұлттар», Алматы, «Жазушы»
баспасы, 1966; «Екі жүрек», Повесть пен әңгімелер, «Жазушы», 1968; «Сентябрь
түні», Повесть. «Жазушы», 1970; «Соңғы хат». Повесть пен әңгімелер. «Жазушы»,
1977; «Ақ жауын». 1-томдық. «Жазушы», 1984. Кітаптарын шығарды. Байғанин
ауданында №2 Қарауылкелді орта мектебіне есімі берілген. Ақтөбе қаласы Ш.
Уәлиханов ат. /бұрынғы «Көкжар»/ көшесінде өзі тұрған үйіне Ескерткіш тақта
орнатылды.
Кітапханашы: - Университет бітірген
шақта жазушылығы көзге ұрып тұрған Тобық Алматыда қала алмады. Қызыл дипломымен
бір кезде өзі оқыған мектепке оралды. Соғыс жылдарына тап болған балалық,
әкеден күдер үздірген қара қағаз, қаршадайынан мойнына мінген ауыртпалық оның
қыр соңынан қалған жоқ. Өз қолы өз аузына жеткен осы шақта, ол енді өзінен
кейінгі үш қарындасы мен науқас анасының қамы үшін Жарқамысқа қайта оралып,
күйбең тірлікке қайта кіріседі. Осы университетті бітіретін жылы 1957 жылы 28
наурызда өзінің туған жері туралы өлең шығарады. Соған тоқталып өтейік!
Оқушы:
- Жарқамыс деген бір жер бар,
Жанынан
аққан күміс Жем!
Сол
жерде мен асыр сап,
Сол Жемнен мен су
ішкем.....
Кітапханашы: - Құрметті оқушылар !
бүгінгі акцияға арқау болған Тобық Жармағамбетовтың «Отамалы» шығармасы ең
алғаш «Жұлдыз» журналында жарияланған. Осы әңгімені оқыған сәтте жыл сайынғы көктемнің соңына таман қар сұйылып, жер
жалаңаштана айналып алай-дүлей ызғарлы боран кезінде еске түсіред. Өйткені
табиғат ешқашанда қателеспейді. Осындай
табиғат ғажабын сиқыр сөбен суреттеген жазушының әңгімесі оқырмандарды бейжай
қалдырмайды. Ендеше «Отамалы» әңгімесінен
оқыран бенефисіне назар аударайық!
/ «Отамалы» әңгімесі туралы айтып өтеді. /
Оқырман бенефисінде
талқыланатын сұрақтар?
1.
Әңгіменің
басты кейіпкері Отамалының тағдыры?
2.
Табиғаттың
құдірет күші ?
3.
«Отмалы»,
«Бесқонақ», «Құралай» атауларының себебі?
Оқушы: «Бұл
аңыз көктемде қар еріп, жер жалаңаштанғаннан кейін кенеттен ызғырықтың қайта
соғып, боран қақап кеткенінде еріксіз еске түседі. Сондағы соққан долы жел,
қаптай жауған қар қиыршықтарының әрқайсысында осы аңыздың мұз боп қатқан
түйіршіктері ұшып жүреді. » деп басталадын әңгіменің негізгі арқауы сәуір
айында болатын 5 күн соққан боранды «Бесқонақ» жайлы болмақ. Халық аңызы
бойынша «Бесқонақ» жыл сайын дәл осы уақытта бір соғып тұрады екен. Әңгіменің
бас кейіпкері - Отамалы қойшы. Бүкіл
ғұмырын байдың есігінде, қойдың соңында өткізген талайсыз жанның аянышты халін
өзек еткен басты кейіпкер. Отамалығы жалғыздық тағдыр теліген сый. Қаршадайынан
ата-анасынан айырылып, тұлдыр күн кешкен оның өксікті өмірі тауқыметке толы.
Туыс-байырды көрмеді, жақынның жылы алақанын сезбеген, жар құшып бала сүймеген
жан. Баспанасы бай үйінің жанындағы жыртық лашық. Оны мүсіркейтін, оны түсінетін
жалғыз мақұлықы – ол иті. Алдын ала күн райының бұзылатынын білген Отамалы
байға күннің бұзылайын деп тұрғанын , түнде қой жаюдан біраз қашқақтап
көргенмен оны түсінетін, сөзіне құлақ асатын тірі пенде болмады. Ең болмаса
астына ат, устіне жылы киім сұрағанда
қожайыны «Ұнамайдысы не? Қайдағы боран? Отамалыға көктем берілді деп
шығарып салады» күштінің аты күшті. «Әй қайдағы мықтылық, таза мәңгүрттік та,
Әйтпесе, өз малы – өз байлығы емес пе?! Айдың – күннің аманында тажал аузына
тығылмас еді. Мейлі. Басқа түскенді көрермін » деп бөгелместен күндегіше қора
қойын алдына салып түнгі өріске бет алады.
Ала-құла боран басталып қойлары ықтап кетеді. Боранның бесінші күні
алғашқы қозыны көргенде Отамалы өзін ұмытып кетеді. Бишара саулық қозысының
денесін жалағыштап жатыр екен. Бірақ оның да әлі жоқ. Отамалы қозыны көтеріп
алды да, икемсіз қолдарымен шекпеніне енгізді. Қозы әлі тайған, жансызданған
қойшы қолынан сусып түсіп, көбік қарға тұншығып өледі. Ал қойлар жаппай қозылай
бастағанда Отамалы қатты қиналады. Боран ызалы иттей бес күн соғады. Өлген мұз
қозыларын жалаған саулықтарды көрген Отамалының жүрегі қарс айрылады. Есі шыққан
қойшы табиғатқа айбат шегеді. Отамалының қолдары икемге келмей қалжырай бастаса
да мейірімсіз тағдырмен аянбай арпалысады. Өмірінің ақтық сағатында арын сатпай
күреседі. Өзінің пенделік қажырлы қайратын көрсетеді. «Қайдасың тас жүрек!
Буындырайын! Тоқтаңдар, иттер, тоқтаңдар!» Үскірік желге құшағын жайып сұлап
түседі. Соңғы демі таусыларда «Тоқтаңдар иттер!» деп ышқына айғайлап құлап
түскенде, бес күн бойы бой бермей соққан ақтүтек боранда сап тыйылады. Күннің
көзі жадырап ашылып, қалың қар сел боп еріп кетеді. Аңыз әңгіме осылай үлкен түйінмен аяқталады.
Кітапханашы: - …Жазушының «Жазушы » баспасынан ең алғаш «Нәзік бұлттар» повесі 1966 жылы жарық көрген. Бұл кітап жүрек тербейтін нәзік лирикалық тақырыбымен
сол тұстағы үлкенді-кішілі оқырманды дүр сілкінтіп еді. Мұқабасы көгілдір
бояумен әрленген сол повесть қанша жыл өтсе де оқырман қауымнның ризалығын алып
отыр. Алпысыншы жылдардағы ауыл жастарының тіршілігі, сырласу, нәзік сезім, шын
сүйіспеншілік, қазақ ауылының көрікті бейнесі оның «Нәзік бұлттар» деп аталатын
повесінде көркем бейнеленді Өлкелік ақын Ертай Ашықбаевтың жазушының
алпыс жылдығы мерейленген тұста ақынға арнап қағазға түсірген өлеңі «Нәзік
бұлттар» деп аталады.
Оқушы:
Бұлттар, бұлттар… көшеді, ағылады,
Ал мен ойға батамын мағыналы.
Ақтөбенің бұлттары, (білесіз бе?),
Жарқамыстың бұлттарын сағынады.....
Кітапханашы: - Өзі өлседе, артында өлмейтін сөз қалдырған талантты тұлға Тобық Жармағамбетовтың 80 жыл толуына арналған кешімізді аяқтай отырып жазушының әдеби мұрасы әлі зерттеліп, зерделі көңіл төрінен орын алып, зейінді зерттеушілер еңбектерімен толыға түсері ақиқат. Мұның өзі таза талантқа тән өлшемдердің бірі. Келесі кездескенше қош
сау-саламатта болайық!
Комментариев нет:
Отправить комментарий