пятница, 14 ноября 2014 г.

Тапқан жан ең тамаша жырдан ляззат!

Тапқан жан ең тамаша жырдан ляззат!

ҚР Президент сыйлығының лауреаты, ақын, журналист Өтеген Оралбайұлы
Сағи аға, сыршыл аға! 

Сағи аға,Сыршыл аға, жорға жыр,

Ауыл жаққа  түспей кетті жол қазір.
Туған жерім кетті ме деп ұмытып,
Бұл ініңе де қамкөңіл боп зорға жүр.
Ерке Жемнің екі жағы -ұямыз,
Бір өзенге екеуміз де сиямыз.
Бір далада жыр жазыппыз жарысып,

Сол даланы қалай, қайтіп қиямыз.

Жырларыңның күміс еді егесі,
Сұлулық пен іңкәрліктің егесі.
Бір көктемде кете бардың қайырылмай,
Көктемде ақын өле ме екен, о, несі?!
Көзге жұмсақ болғанменен шынарсың,
Сен ұстаған жерден ғана сынарсың.
"Бір жарқ етіп түсу үшін көзіне",
Туған жерге ұшып кеткен шығарсын.
Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Мешітбай Құттықов.
Алматыдан көтерілген ақ бұлтым.

Деме жұртым аса қойсақ қадірін аз ұқты,
 Әр тараптан тердік нәсіп, азықты.
Тарлан аттың төбеліндей тапшы етіп,
Тағдыр бізге бір жұрмейді жазыпты.
жетіп барар аса қойсақ бәр қырдан,
Байлаулы аттай босана алмай шылбырдан.
Асықпаппыз дос дидарын көруге,
Құтыла алмай күйбең деген құрғырдан.
Алатаудың сеңгір-сеңгір құзындай,
Ақ отаудың жасау жиған, қызындай.
Алматыдан көтерілген ақ бұлтым,
Ақтөбеге жететұғын бұзылмай.
Қоңыр салқын қайда сол бір шақтарым,
Сол күндерді көкейімде сақтадым.
Сағыныштан соғып өткен саумал жел,
Аралдың да қайтаратын аптабын.
Өмір деген көтерген бір тастай ма,
Тыңдайды кім? Қостамай ма, қостай ма?
Шаңқай түсте тас төбеңде айналып,
Ақша бұлттай аймалайтын дос қайда!

Қазақстан Жазушылар одағының Ш. Құдайбердіұлыны атындағы
 сыйлығының лауреаты, ақын Ертай Ашықбаев Ақынның түсі

(Оян. Кәне, қанат қақ. Жетіл, құсыл! )
Біз де түсті көргенбіз не түрлісін.
Видеода ойнаған кейіпкердей
Ұйықтағанда жын-перідей секілдісін. 
Ұйықтағанда қолданып кейіпкердей,
Тықсыруға болады Нұр-ағаңды.
Әкімсің бе - жасай сал коммунизм,
Сонша қинап қайтесің бұл адамды.
Мінбелерден сөйлей сал асқағырақ-
Шаршадың ғой өңінде бас бағып-ақ.
...Амал нешік, ақын боп жаралған соң,
Сағи аға көрер түс басқа бірақ.
Ол көреді көп құсты боз даланы,
Жүрек елтіп, суретке көз қанады.
Шаң тимеген ақша бұлт көк аспанда,
Сценарий бойынша қозғалады.
Тақыр жерге шөп шығып, нұр сіңеді.
Айналаңыз -гүл елі, бүршік елі.
Ол түс көрсе-барлық қыз бақыт болып,
Кеудесі зор жігіттер күрсінеді.
Аққу қонып ауылдың іргесіне,
Түсіреді аяулы күнді есіңе.
Сағи аға көрген түс лайық -ақ.
Таласуға "Оскардың" жүлдесіне.
Өкінтті тек тағдырдың ісі бізді,
Біз жоғалттық сол Ақын - Құсымызды.
... Сағи аға, кімдерге қалдырдыңыз,
Айтыңызшы, әдемі түсіңізді...