понедельник, 4 августа 2014 г.

Құрметті оқырман!

Құрметті оқырман!


       Биылғы өлкелік  - Жазушылар Одағының мүшесі, қазақ әдебиетіне жарық жұлдыздай жарқырап, ерте сөнген, небәрі 39 жыл өмір сүрген талантты жазушы Тобық Жармағамбетовтың және жыр әлемінің жұлдызы, ақын Сағи Жиенбаевтың 80 жылдық мерейтойлары. Жазушыныңда ақынныңда қай шығармасын өлеңін алып қарасаң да өз туған еліне деген шынайы сүйіспеншілік, рухани өршіл үнді тануға болады. Ақынның, жазушының қаламынан туған әдеби мұралары мол көлемді, идеялық-эстетикалық мәні жоғары бағаланып  қалың оқырман қауымнан жолын таба алды.
            Ақпараттық-технологияның дамыған заманында Отансүйгіштік сезімнің не екенін тура түсіндіретін таптырмас рухани қазына -ол Кітап. Кітап арқылы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын қазық ету біздің басты мақсатымыз. Осындай терең ойларды саралай келе оқырман қауымға өлкелік ақын -жазушылар туралы толық мәлімет беретін «Сәулелі ғұмыр- саналы ой иелері » атты блог ұсынып отырмыз. Табиғат нұры туған жеріне нәр берсе, қазақ әдебиеті әлемінің жарық жұлдыздары Сағи мен Тобықтың  нұрлы өмірі мен әсем шығармалары кейінгі толқынға нәр беретініне сенімдіміз.