вторник, 2 декабря 2014 г.

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен жайсаң ақын!

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен жайсаң ақын!
"Қос бәйтерек"
Ғабит Мүсірепов пен Ғабиден Мұстафинге арналады.
Кең далаға аунақтап, еміреніп,
Кеудемізді жастықтың желі керіп.
Тартып кете беруші ек құлыншақтай
Қос бәйтерек -Қос Ғабең соңына еріп.
Ойламаймыз ешкімнен төменбіз деп,
Әуре болып жатпаймыз бедел де іздеп.
Жетіп бара береміз емін-еркін:
„Біз - Ғабиден Мұстафин дегенбіз!„-деп.
Көңіліміз осылай көкке ұласып,
Талай-талай асқардан өттік асып...
„Ғабеңдер бар! Не қам бар!„- деп жүргенде,
Өзіміз де елуден кеттік асып. 
Жеттік солай дуылдап осы араға,
Келмейді енді қалғымыз босағада...
Арқа сүйеп өсіп ек, Ерке болып 
Қос бәйтерек-Қос Ғабең, Қос ағаға!




"Домбырамды сыйламаймын ешкімге"
Ахмет Жұбановқа 

Айдын көлде аққу -қазды жинаған,
Көк теңіз де күндіз-түні тулаған.
Менің әнім менің күйім қашанда,
Асыл ағам, жан ұстазым сыйлаған.
Домбырамды сыйламаймын ешкімге.
Домбырамда ұстазымның үні бар,
Күмбірлеген көкірегінің жыры бар.
Маған айт деп, маған тарт деп тапсырған,
Айтылмаған, тартылмаған күйі бар,
Домбырамды сыйламаймын ешкімге,
Домбырамды ұстазымның әні бар.
Ақ бұлақтай аңқылдаған жаны бар.
Ақ домбыра - менің алтын қазынам,
Керек десең, дүниемнің бәрін ал,
Домбырамды сыйламаймын ешкімге.

Мақтаныш
Сәбит Мұқановқа
Періштедей сенеді Анам өлеңге,
Өзге дәйлет тілемейді менен де,
көңілі тасып, отырады мәз болып,
„Мен Сәбеңмен бірге жүрем..„ дегенге.
Сапар шегем алыс-жақын көп елге,
Құдіреттей сенеді олар өлеңге.
Жүреді олар төбесіне көтеріп,
„Мен-Сәбеңнің інісімін...„ дегенге.
Жүрек тулап, қан дуылдап денемде,
Мен де бір сәт айналамын өлеңге,-
„Сәбит -сынды баласы бар қазақтың,
Сәбит -сынды ағасы бар„ дегенде. 


Біздің Жеңіс
Рақымжан Қошқарбаевқа
Өтті бәрі... 
Кетті сонау күндер де,
Жер кеудесі толды қайта гүлдерге...
Тұр едің сен Жеңіс борлып желбіреп,
Мен „Жеңіс!„ деп атқа шауып жүргенде.
Мына дүние, мына жазды бір көріп,
Жүрсің қазір жанарыңа нұр қонып.
әлі күнге елестейсің көзіме
ал қызыл бір ту болып.
қайта оралмай далаңа,
Көкжиеккке көзін сүзіп кәрі ана...
Ту құшақтап, тас түйін боп мәңгілік
Тұрып қала жаздадың а-у, жан аға...
Сен де амансың, Сен қадаған ту аман,
Ел тілегін берді тағдыр сұраған.
Қолтықтасып ағамен де інімен,
Шалқып-тасып жүргеніңе қуанам.



Асыл атам
Нұрпейіс Байғанинге
Ол -сонау бір сұрапыл кез болатын,
Батыс жаққа жаутаңдап көз қалатын.
Ақ жаулықтар желбіреп күндіз-түні,
Алпыс екі тамырың қозғалатын...
Жас та біткен көздегі, жыр да біткен,
Ел де күткен бір әнді, қыр да күткен...
Ақ боз үйдің төрінде отырдың сен.
Аппақ шынар секілді шыңға біткен.
Күн шуағын аямай мекенімнен,
Тас төбеге тамылжып көтерілген.
...Сенен қалмай жүгірген елмен бірге
Мен де келіп ұстағам етегіңнен...
Туған далам жыр құйып таңдайыма,
Жазыпты өлең менің де маңдайыма.
Асыл атам, өзіңнен қалмайын деп,
Әлі келем жабысып шалғайыңа!