вторник, 2 декабря 2014 г.

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен жайсаң ақын!

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен жайсаң ақын!
"Қос бәйтерек"
Ғабит Мүсірепов пен Ғабиден Мұстафинге арналады.
Кең далаға аунақтап, еміреніп,
Кеудемізді жастықтың желі керіп.
Тартып кете беруші ек құлыншақтай
Қос бәйтерек -Қос Ғабең соңына еріп.
Ойламаймыз ешкімнен төменбіз деп,
Әуре болып жатпаймыз бедел де іздеп.
Жетіп бара береміз емін-еркін:
„Біз - Ғабиден Мұстафин дегенбіз!„-деп.
Көңіліміз осылай көкке ұласып,
Талай-талай асқардан өттік асып...
„Ғабеңдер бар! Не қам бар!„- деп жүргенде,
Өзіміз де елуден кеттік асып. 
Жеттік солай дуылдап осы араға,
Келмейді енді қалғымыз босағада...
Арқа сүйеп өсіп ек, Ерке болып 
Қос бәйтерек-Қос Ғабең, Қос ағаға!




"Домбырамды сыйламаймын ешкімге"
Ахмет Жұбановқа 

Айдын көлде аққу -қазды жинаған,
Көк теңіз де күндіз-түні тулаған.
Менің әнім менің күйім қашанда,
Асыл ағам, жан ұстазым сыйлаған.
Домбырамды сыйламаймын ешкімге.
Домбырамда ұстазымның үні бар,
Күмбірлеген көкірегінің жыры бар.
Маған айт деп, маған тарт деп тапсырған,
Айтылмаған, тартылмаған күйі бар,
Домбырамды сыйламаймын ешкімге,
Домбырамды ұстазымның әні бар.
Ақ бұлақтай аңқылдаған жаны бар.
Ақ домбыра - менің алтын қазынам,
Керек десең, дүниемнің бәрін ал,
Домбырамды сыйламаймын ешкімге.

Мақтаныш
Сәбит Мұқановқа
Періштедей сенеді Анам өлеңге,
Өзге дәйлет тілемейді менен де,
көңілі тасып, отырады мәз болып,
„Мен Сәбеңмен бірге жүрем..„ дегенге.
Сапар шегем алыс-жақын көп елге,
Құдіреттей сенеді олар өлеңге.
Жүреді олар төбесіне көтеріп,
„Мен-Сәбеңнің інісімін...„ дегенге.
Жүрек тулап, қан дуылдап денемде,
Мен де бір сәт айналамын өлеңге,-
„Сәбит -сынды баласы бар қазақтың,
Сәбит -сынды ағасы бар„ дегенде. 


Біздің Жеңіс
Рақымжан Қошқарбаевқа
Өтті бәрі... 
Кетті сонау күндер де,
Жер кеудесі толды қайта гүлдерге...
Тұр едің сен Жеңіс борлып желбіреп,
Мен „Жеңіс!„ деп атқа шауып жүргенде.
Мына дүние, мына жазды бір көріп,
Жүрсің қазір жанарыңа нұр қонып.
әлі күнге елестейсің көзіме
ал қызыл бір ту болып.
қайта оралмай далаңа,
Көкжиеккке көзін сүзіп кәрі ана...
Ту құшақтап, тас түйін боп мәңгілік
Тұрып қала жаздадың а-у, жан аға...
Сен де амансың, Сен қадаған ту аман,
Ел тілегін берді тағдыр сұраған.
Қолтықтасып ағамен де інімен,
Шалқып-тасып жүргеніңе қуанам.



Асыл атам
Нұрпейіс Байғанинге
Ол -сонау бір сұрапыл кез болатын,
Батыс жаққа жаутаңдап көз қалатын.
Ақ жаулықтар желбіреп күндіз-түні,
Алпыс екі тамырың қозғалатын...
Жас та біткен көздегі, жыр да біткен,
Ел де күткен бір әнді, қыр да күткен...
Ақ боз үйдің төрінде отырдың сен.
Аппақ шынар секілді шыңға біткен.
Күн шуағын аямай мекенімнен,
Тас төбеге тамылжып көтерілген.
...Сенен қалмай жүгірген елмен бірге
Мен де келіп ұстағам етегіңнен...
Туған далам жыр құйып таңдайыма,
Жазыпты өлең менің де маңдайыма.
Асыл атам, өзіңнен қалмайын деп,
Әлі келем жабысып шалғайыңа!

вторник, 25 ноября 2014 г.

Он күндік декада

Тобық туындыларын оқимыз!

Саралжын ауылдық кітапханасы.
„Талғампаз талант иесі„ атты әдеби кеш



Ақжар ауылдық кітапханасы 
„Жемнің жарық жұлдызы„ атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу
Берсиев ауылдық модельді кітапханасы
„Нәзік сезімді суреткер„ атты оқырмандар конференциясы


пятница, 14 ноября 2014 г.

Тапқан жан ең тамаша жырдан ляззат!

Тапқан жан ең тамаша жырдан ляззат!

ҚР Президент сыйлығының лауреаты, ақын, журналист Өтеген Оралбайұлы
Сағи аға, сыршыл аға! 

Сағи аға,Сыршыл аға, жорға жыр,

Ауыл жаққа  түспей кетті жол қазір.
Туған жерім кетті ме деп ұмытып,
Бұл ініңе де қамкөңіл боп зорға жүр.
Ерке Жемнің екі жағы -ұямыз,
Бір өзенге екеуміз де сиямыз.
Бір далада жыр жазыппыз жарысып,

Сол даланы қалай, қайтіп қиямыз.

Жырларыңның күміс еді егесі,
Сұлулық пен іңкәрліктің егесі.
Бір көктемде кете бардың қайырылмай,
Көктемде ақын өле ме екен, о, несі?!
Көзге жұмсақ болғанменен шынарсың,
Сен ұстаған жерден ғана сынарсың.
"Бір жарқ етіп түсу үшін көзіне",
Туған жерге ұшып кеткен шығарсын.
Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Мешітбай Құттықов.
Алматыдан көтерілген ақ бұлтым.

Деме жұртым аса қойсақ қадірін аз ұқты,
 Әр тараптан тердік нәсіп, азықты.
Тарлан аттың төбеліндей тапшы етіп,
Тағдыр бізге бір жұрмейді жазыпты.
жетіп барар аса қойсақ бәр қырдан,
Байлаулы аттай босана алмай шылбырдан.
Асықпаппыз дос дидарын көруге,
Құтыла алмай күйбең деген құрғырдан.
Алатаудың сеңгір-сеңгір құзындай,
Ақ отаудың жасау жиған, қызындай.
Алматыдан көтерілген ақ бұлтым,
Ақтөбеге жететұғын бұзылмай.
Қоңыр салқын қайда сол бір шақтарым,
Сол күндерді көкейімде сақтадым.
Сағыныштан соғып өткен саумал жел,
Аралдың да қайтаратын аптабын.
Өмір деген көтерген бір тастай ма,
Тыңдайды кім? Қостамай ма, қостай ма?
Шаңқай түсте тас төбеңде айналып,
Ақша бұлттай аймалайтын дос қайда!

Қазақстан Жазушылар одағының Ш. Құдайбердіұлыны атындағы
 сыйлығының лауреаты, ақын Ертай Ашықбаев Ақынның түсі

(Оян. Кәне, қанат қақ. Жетіл, құсыл! )
Біз де түсті көргенбіз не түрлісін.
Видеода ойнаған кейіпкердей
Ұйықтағанда жын-перідей секілдісін. 
Ұйықтағанда қолданып кейіпкердей,
Тықсыруға болады Нұр-ағаңды.
Әкімсің бе - жасай сал коммунизм,
Сонша қинап қайтесің бұл адамды.
Мінбелерден сөйлей сал асқағырақ-
Шаршадың ғой өңінде бас бағып-ақ.
...Амал нешік, ақын боп жаралған соң,
Сағи аға көрер түс басқа бірақ.
Ол көреді көп құсты боз даланы,
Жүрек елтіп, суретке көз қанады.
Шаң тимеген ақша бұлт көк аспанда,
Сценарий бойынша қозғалады.
Тақыр жерге шөп шығып, нұр сіңеді.
Айналаңыз -гүл елі, бүршік елі.
Ол түс көрсе-барлық қыз бақыт болып,
Кеудесі зор жігіттер күрсінеді.
Аққу қонып ауылдың іргесіне,
Түсіреді аяулы күнді есіңе.
Сағи аға көрген түс лайық -ақ.
Таласуға "Оскардың" жүлдесіне.
Өкінтті тек тағдырдың ісі бізді,
Біз жоғалттық сол Ақын - Құсымызды.
... Сағи аға, кімдерге қалдырдыңыз,
Айтыңызшы, әдемі түсіңізді...





 

пятница, 12 сентября 2014 г.

Әдеби қазбалар

Жазушы Тобық Жармағамбетов және ақын Сағи Жиенбаев  туралы оқушылардың әдеби қазынасынан жинақталған шығармалар:
 
Ақниет Боранбайұлы,
Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл  қазақ орта мектебінің
 8 сынып оқушысы.


Өтті жыршым, кетті қыршын жасында.
Бұл өмірдің қызығына тоя алмай.
Гүл өсіп тұр қабірінің басында,
Жарқамыста жатыр ұйықтап, оянбай.
                                                                                                                                        Е.Дүйсенбайұлы.

       Ақын Есенбай ағамыздың осы өлеңдерін оқи отырып, бала  көңілім Жарқамыстың қойнында жатқан Тобық атамызды «ана дүниеге» қимай қалды. Себебі, шығармаларымен танысып шыққаннан кейін, «егер тірі болса -бізге осындай дүниелерін берген атамыздың берері бұдан да көп боларма еді»,- деген ой келді. Мүмкін, жазушы өз әлемін әлде де тың туындылармен толықтырып, тарих қойнауына бұдан да көбірек өзіндік үлесін қосар ма еді. «Отамалыны» оқи отырып табиғаттың тылсым күштерін өзімше түсініп, өзім сол ызғарлы түннің құшағында қалғандай әсерде болдым. Ызғарлы боранмен, дала тағысы қасқырмен арпалысқан Отамалының көрген қиындығын өз басымдағыдай елестеттім. Оның орнына өзімді қойып салыстырып көрдім...Қойып көрдім де,  денем тітіркеніп, өз – өзімнен қорқып кеттім...
     Осындай адамды бірден баурап алған әңгіменің авторының қазақ болғанын, соның ішінде өз жерлесіміз болғанын мақтан етіп, кітаптан алған әсерімді үлкен бір мақтаныш сезімімен қорытындыладым. Атамыздың шығармаларынан алған әсерім мол. Әлде де қалған шығармаларын оқып шығамын деген ойға бекіндім.

  Иванова Бибігүл. Амангелді орта мектебінің
10 сынып оқушысы


              Сәулелі сөздің шуағын төккен
                  ( Тобық Жармағанбетовке )

               Қазақ деген дархан халық, мәрт халық,
               Бұзылмастай өрнектеген сол қалып.
               Ескіден қалған, ескі сөзді ұғынып,
               Жәдігерлерді, мәңгілік есте сақталық !

               Үлесін қосқан өрлеуге қазақ мұрасы,
               Атанған әркез, қазақтың нағыз баласы.
               Адамдығымен саналған елдің ағасы,
               Тобық ағам, ұлылардың ең дарасы.

               Кітаптарың жауһар, жаныңды баурап алатын,
               Оқыған сайын, құбылып көңіл қанатын.
               Шығармалары өмірдің барша шындығын ,
               Айна-қатесіз, аумаған сурет салатын.

               Таныстым аға жақында кітаптарыңмен,
               Өзгеше өрнек, басқаша бейне, сарынмен.
               Бағдар берердей, нұсқаулық сілтер ақылың,
               Баста дегендей өмірді жаңа сеніммен.

               « Отамалы » атты кітабыңды, оқыған сәтте мына мен,
               Қойшының азапты тағдырын көріп қамықтым.
               Өмірдің қиын тұстары тым, көп екенін,
               Осы шығармаңды, оқытқан кезде-ақ таныттың.

               Сол бір қиын кезеңнің,
               Сөзбенен салдың суретін.
               Ұқтырдың қазақта ешқашан,
               Талассыз өткен күн жоғын.

               80-жылдығың құтты болсын, биылғы!
               Мерекеңе, өлеңмен тарттым сыйымды,
               Жазып өткен бар ғұмырында қазақты,
               Қазағым мәңгі ұмыта көрме ұлыңды!

               Ұмытылмайтын жадында барша халықтың,
               Мақтаны болған, сөз түсінер  тіпті ғаріптің.
               Ұрпағымыз деп мақтанамыз ғой ,
               Тобықтай  аға сынды алыптың.

               Сәулелі сөздің шуағын төккен өлеңмен,
               Сіздердің салған жолдарыңменен келем мен!
               Байлығың емес, өлшеусіз нөсер мал емес,
               Артыңда қалған, семсер сөздеріңізге сенем мен !




   Меруерт Сайлауқызы.   Ойыл қазақ орта мектебі
                     5 «а» сынып оқушысы
                   Тобық аға, мен Сізді сағынамын



  Әдебиеттің айдынында

  Өшпестей із қалдырған

  Балалық көңілмен

                          Мен, Сізді,Тобық аға                       

                          сағынамын!



Асыл  жүрек, саңылақсың

«Ақ жауын», «Отамалы»,

«Нәзік бұлтты» оқығанда   

Ер Тобықтай ағаны

                        сағынасың!
 
 
 Оразбаева Ақтолқын.  Ойыл қазақ орта мектебінің  8 «ә» сынып  оқушысы 
 Жарқын бейне



  
         Жас қатарда-жүректің,

         Жазылмайтын жарасы.

        Сәлем саған ер Тобық- 

      Мырзағұлдың баласы!- деп ақын ағамыз Өтежан Нұрғалиев ағамыз жырлағандай, міне Тобық Жармағанбетовтың туғанына 80 жыл толып отыр.  Тобық Жармағанбетов шығармашылық қызметін 50 жылдардың аяғында бастаған.Ол нағыз таланқа тән тереңдікпен, ойшылдықпен,сыршылдықпен қалам тербеп, уақыт, заман талабына сай салиқалы ой, салмақты жүк арқалаған шығармалар жазған жазушы.Тобық ағамыздың жазған «Отамалы» әңгімесі үлкен бір повестке пара-пар және  қазақ әдебиетінінің алтын қорына қосылған асыл мұра болып қалды.Жазушы  адамгершілік, махаббат тақырыбына арнап «Екі жүрек», «Екі дос», «Менің достарым», «Кішкентай махаббат»-атты әңгімелер жазды.Тобық ағамыз сол аз ғұмырында  артына мәңгілік тозбайтын және өшпейтін дүниелер қалдырды. Тобық ағамыз-қазақтың бірінші прозаигі. Жазушының «Қарала сиыр», «Уақыт», «Қара жаңбыр», «Отамалы» әңгімелері мен хикаяттарының оқыған мезгілде біз сияқты жас оқырманға берер тағылымы  мол екеніне  көзім жетті. Сыншылардың тілімен әдіптегенде  «туындылардың қай-қайсысы да тұнып тұрған ой,образ».




                                                         Сағынғалиева Таңшолпан. Ойыл қазақ орта мектебінің


                                                                                8 «ә» сынып оқушысы

Ерте сөнген ер Тобық!



                                                                     Кемел ойдың кеніштерін ақтарып,

                                                                    Қаламыма шабыт пенен бақ дарып.

                                                                     Ерте сөнген ер Тобықтай ағама!

                                                                    Жыр арнаймын, жүрегімді ақтарып.



                                                                    Көп еді көкірегіңізде жалынды ой,

                                                                   Бәрі де бұл тағдырға бағынды ғой.

                                                                  «Отамалы», «Ақ жауын», «Екі жүрек»,

                                                                   Қалдырған қаламгердің мұрасы ғой.



                                                                  Оқып жүр,тәлім алып оқырмандар

                                                                    Мәңгілік ұмытылмас ізіңіз бар

                                                                     Қазақтың әдебиет әлемінде

                                                                   Тұр бейнеңіз соғылғандай,

                                                                                                    тастан  мәрмәр!




 Маликов Таир
Ж. Жүсібалиев ат. Ойыл қазақ орта мектебінің  8 сының оқушысы
 Сүйемін, Сағи аға өзіңізді,
Тыңдаймын әрбір сөзіңізді.
Кітабыңызды оқығанда,
Көргендей болам өзіңізді.

Кітабыңызды іздеп жүремін,
Жанымды жырыңызбен демедің.
Жанымды тербетеді жырыңыз,
Жайдарлы күйге енемін мен.

Қазаққа бақ құсы боп келдіңіз,
Ақынның жауһары боп ендіңіз.
Шаршамай, талмай өмірде,

Тек төрге қарай өрледіңіз
Назира Исағалиева
Ж. Жүсібалиев ат. Ойыл қазақ орта мектебінің  6 сының оқушысы
                                                                            Балаларға пайдалы,
                                   Жырлар тарту еттіңіз.
                                   Өлеңдеріңіз жайдарлы,
                                    Бізді баурап кеттіңіз.

                                   Оқыған сайын кітапты,
                                   Қызығамын бәріне.
                                   Шаттандырып баланы,
                                   Шуаққа бөлеп жүреді.

                                   Жырыңызды арнадыңыз,
                                   Туған ел мен табиғатқа.
                                   Шын сырыңызды ақтардыңыз,

                                   Ана да, балаға да. 
                                                       
                                                        Сламғалиев Исмаил
Ойыл қазақ орта мектебінің 6 сынып оқушысы
                                    Жырдың жарық жұлдызы
                               Оймауыттың талантты бір түлегі,
                               Елін сүйген, жерін сүйген жүрегі.
                              Ақтөбеде қандай ақын бар десе,
                               Бүкіл қазақ оның атын біледі.

                              Өлеңіңді оқып  Ата сүйсіндім,
                              Домбырадан шертілген бір күй сынды.
                              Өзіңе ұқсап ақын болсам арман не?
                              Жыр жазар ем мағынасы мың түрлі.

                             Жарыңнан қуат алам ақын ата,
                              Көңілім қара өлеңге жақын ата.
                              Ойылдың жыр жұлдызы мен болайын.
                                                                       Рухыңмен желеп-жебеп берші бата!.....